Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  106


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Құм адамы

Қара қырға келдің бе,
Ала шөлді көрдің бе – құм бораған?
Құм бораса – табылар кім даладан?..
Сол боранда жүреді шаңдыбалақ,
Шаңдыбалақ дегенім – жұмбақ адам.
Жаралғандай орғыл құм мұңдасы боп,
Айтады оған жан сырын тыңдашы деп.
Түзде адасқан пендеге жол нұсқайды,
Құмнан шығад, содан соң құмға сіңед.
Бірнеше күн соғады жел азынап,
Көшкен құмдай тарқайды шері азырақ.
Шөл далада жүрегі шөлдесе де,
Туған жерден кетпейді еш елі ажырап.
Өлісін де білмеймін, тірісін де,
Парыз санап жасаппын қыр үшін не?
Мына біздер – тұтқыны тас қаланың,
Еркін өмір сүреді ол – құм ішінде...
Құдайлап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу