27.05.2022
  191


Автор: Ескен Елубаев

НЕ?

Қанатбек қутыңдап,
Ауызы бұлтыңдап,
Қаужаңдап шайнайды,
Не жұтып қоймайды,
Жеп тұр ма кəмпиттi,
Жеп жүр ме сiңiрдi,


Қызығып отырмын,
Сезбедi ол мұнымды.
Таусылып шыдамым,
Өзiнен сұрадым.
Ол ашып ауызын,
Көрсеттi сағызын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу