Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  185


Автор: Ибрагим Иса

Тышқан мен көпіршік

Жолаушылап келе жатып,
Тышқан мен бір Көпіршік,
Бір өзенге тап болды.
Көре алмады екеуі де
Жақын маңнан өткелді.
Қайткенде де өту керек өзеннен,
Тышқан суға жоламайтын ежелден.
Ал, Көпіршік судан мүлдем қорқатын,
Екеуі де құрғақ жермен жорытатын.
Мына өзеннен өтпеу еді-дұрысы!
Екеуіне ұят бірақ мұнысы.
Аз ба суға сүңгіп, көкке ұшқандар,
2
Аз ба мықты Көпіршік пен Тышқандар.
Тышқандар бар тауды тесіп өтетін,
Көпіршік бар тас көтеріп кететін.
Ерлік жасау кім-кімнің де арманы-ақ,
Болды екеуі бірін-бірі алдамақ.
Көпіршік сәл тұрды-дағы түк үнсіз:
«Тышқан, кәне, сен түс деді бірінші!»
Тышқан айтты:
– Өзің бастап секірші!
– Қуып жетем, қорықпа!– деді, –Көпіршік.
– Не ғыл дейсің? Бар ма өзіңнің ақылың?!
Ал, Көпіршік:
– Сабыр!– деді» ақырын.
Тышқан айтты:
– Аяғым тым қысқа, – деп.
Көпіршік тұр:
– Менде аяқ жоқ, ұрыспа!– деп.
Тышқан айтты:
– Қысқа аяқпен не істеймін?
Дед, анаусы:
– Бұл сөзіңе келіспеймін!
Тәжікелісіп тұрғанша деп текке көп,
Тышқан суға қойып кетті өкпелеп.
Шығар барлық күші соған жараған,
Батып кетті сәл-ақ ұзап жағадан.
Сезіп оның кеткендігін батып құр,
Көпіршік кеп шек-сілесі қатып бір
Күлді дейсің...
Не ғылады қысылып,
Күлген сайын бара жатты ісініп.
Әбден күлді,
Болды тіпті бәрі ұмыт,
Күле-күле кетті өзі де жарылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу