Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  206


Автор: Бақыт Беделханұлы

«Жоғалды жыл, жоғалды ай, жоғалды күн...»

«Жоғалдыжыл, жоғалды ай, жоғалды күн...»
Бұлдырайды соңымда сонарлы күн.
Ішім жылап отырмын соған бүгін.
Оларға жасады екен обалды кім?
Оралмастай етті екен оларды кім?
Кім бар дейсің өткенді оралтқандай?
Екі иінім тұз болды, сор артқандай.
Арт жағыма алаңдап қарай берем,
Аяулы ақ көңілді жоғалтқандай,
Аяулы сəттерімді жоғалтқандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу