Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  212


Автор: Ошақбай Суханберлин

Журналист Розаға зілсіз-әзіл

Айтамын-ау, өзі білер, дегенмен,
Үміт үзбей, үзе жаздап келем мен.
Алқам-салқам арамыздан жетілдің,
Ауызданып ағаң жазған өлеңмен.
Журналист ең, компьютерді меңгердің,
Баса алмаушы ең пернесін де Ентердің.
Біз арқылы біліміңді көтеріп,
Біз арқылы өскеніңді жөн көрдің.
Біз де сенің өскеніңді қоштаймыз,
Жоғын елдің қажет болса, жоқтаймыз.
Бір ауыз сөз кетерінде айтпаған,
Сендей қызды күйдіретін шоқтаймыз.
Қашқын қызым, сыйла енді сыйлама,
Бір көрінсең ұстап алып соттаймыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу