Өлеңдер ✍️
Сағыныш-сазы
Жүрегімнің түбінде бір сыр жатыр,
Сағындым-ау, қалқам, сені сағындым.
Көкірегімде өртеніп мың мұң жатыр,
Тіліп өтіп дертін жарып жанымның.
Жүрегімнің түбінде бір ән жатыр
Тоты құстай қара торда қамалып,
Осы әнімнің ішінде мың мән жатыр
Асау сезім толқынына оранып.
Сағынышым тек өзіңсің, бір ғана,
Мың қуарып, мың гүлденген бақтарда.
Мен қараймын күндей нәзік тұлғаңа
Арайланып таңым жыр боп атқанда.
Телефонның үніне құлақ түріп,
Алаңдаймын дейсің-ау, ардақтым.
Ал мен жүрмін өзіңді құлап сүйіп,
Сол сезімді, тек, жеткізе алмаппын.
Бүркеп алып сағыныштың сағымын,
Тек өзіңе жырларымды жазбақпын.
Осы жырдың жалындаған жалынын
Тек өзіңе, тек өзіңе арнаппын.
Бар сырымды жүрегіме қамалаппын,
Өткен күннен қалмағандай еш белгі.
Жүр ме сені жазықсыздан қаралап мұң
Еске алдырып өткен күн мен кештерді?
Сағынышым, жасыл бағым,орманым
Өршіп барад күннен-күнге от болып.
Сені аңсаған ыстық сезім, арманым,
Кетті айналып мұңға айналған бұлт болып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇