Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2022
325
Біз тұрмыз семей-ертіс жағасында
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында,
Көк орман махаббаттың даласында.
Ертісті жағалады ұшар әнім
Қалықтап Семейімнің қаласында.
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында.
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында,
Аралда, тал-тоғайдың арасында.
Құстар да қиқулаған қайтып барад,
Сен менің бақ құсым боп қаласың ба?
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында.
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында,
Ән тербеп Еңлік-Кебек даласында.
Абайдың әндеріне қосылып бір
Әнімді сен де менің саласың ба?
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында.
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында,
Тербеліп өмір-өзен сағасында.
Ауылдан өзіңді аңсап келгенімде
Махаббат аралынан табасың ба?
Біз тұрмыз Семей-Ертіс жағасында…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇