Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  193


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Құрмаға балалардың қарны тойды...

Құрмаға балалардың қарны тойды,
Жеріне соғыс болар қадам қойды.
Көреді Əбужаһил назар салып,
Ашумен осы жаққа бөліп ойды.
Сап тартып Əбужаһил тұр мақтанып,
Көреді қырық баланы көзін салып.
Кешегі балалары келіпті деп,
Шығады Əбужаһил қаһарланып.
Əбужаһил сөйледі,
Сөйлегенде бүйдеді:
Е жетімше Мұхамед,
Майданға бері кел деді.
Үш жүз нөкер ап келдім.
Қаһарымды көр деді.
Мұхамед енді сөйледі:
-Келсең келгін сен кəпір,
қайратымды көр деді.
Қой дейтұғын адам жоқ,
Білгеніңді қыл деді.
Əбужаһил ұмтылды,
Екі жағы қосылып,
Араласқан сықылды.
Біреуге жүзі жабылды,
Азаннан кешке ұрысып,
Намаздігер уақытында
Кəпірлер қаша бастады.
Əбужаһил палуанның
Үш жерден басы жарылды.
Əбужаһил əскері
Теп-тегіс болды жарақат,
Бірінің сынып аяғы
Біреулер қолдай айырылды.
Мұхамедтің қасында
Қырық бала саламат,
Қырық бала шаттанып,
Үш жүз болды қайғылы.
Қырық бала ол күн жатып демін алды.
Зар жылап Əбужаһил қайғылынды.
Екі жақ таң атқан соң түрекеліп,
Сап тартып айқай салып тұра қалды.
Сол түні Əбужаһил қайғыланып,
Əртүрлі қапалықтан қиялданды.


Бір тасты жүз батпандай алып қойды,
Қайратын көрсетпекке салып ойды,
Мұхамед мұны көріп сөз сұрады,
Келдің деп бұлұтасты сен қайдан алып.
Бұл сөзге Əбужаһил жауап берді,
Мұхамед, қайратымды көргін енді.
Бұл тасты тау басынан алып келдім,
Көтеріп мықты болсаң көргін енді.
Сол уақытта қарасаң,
Əбужаһил сөйледі.
Таудан алып бұл тасты
Көтеріп келдім мен деді.
Бұл тасымды көтеріп,
Күшіңді көрсет сен деді.
Сөйлемеді Мұхамед,
Қапқара болып тұтылып.
Ашуланды қабағат
Қасында қырық нөкері
Тауға қарай жөнеді.
Көтеріп келді бір тасты,
Екі жүз батпан келеді.
Келе сөйлей береді.
Əбужаһил кел деді.
Бұл тасты көтер сен деді.
Əбужаһил секіріп,
Төрекелді орнынан,
Əуелгі кезек сенікі,
Көтергін тасты жолымнан.
Мұны көріп Мұхамед
Тасқа қарай ұмтылды.
Ұстаған заман ілінбей,
Көтеріп алған сықылды.
Мұхамед сонда айтты сөз,
Сен де келіп, палуан,
Мына тасты көтер тез.
Сол уақытта қарасаң
Əбужаһил ұмтылды,
Құшақтап алып ол тасты
Ары-бері жұлқынды,
Үш мың батпан ауыр тас
Көтермеді, қиын-ды.
Зор беріп қанша айғайлап,
Қас-қабағы түйілді.
Тасты барып басқан деп,
Жəбірəйілді Алла бұйырды.
Қозғалмады ауыр тас,
Құшақтап қанша қарманды.
Қабырғасы сөгіліп,
Мұрнынан қаны парлады.
Əбужаһил кəпірдің
Зор берсе де əлі келмеді.
Əскерлерін жинап ап,
Шаһарге қарап жөнеді.
Қырық бала мен Мұхамед
Бұлар да қайтып келеді.
Екі жақта көп мақтап,
Мұхамед палуан дер еді.
Палуандығын жаһилден
Он есе артық көреді.
Əбужаһил зар жылап,
Атасына айтады.
Айналайын атадан,
Қапа болып жылаймын,
Өзі тиып кетпесе,
Кісіге зиян қылмаймын.
Зорлығына олардың
Қандай қылып шыдайын.
Құл зорлық қылды төреге,
Буыршын түсті келеге,
Жалаң аяқ жетімнен
Жарақат түсті денеме.
Патша түгел құл болса,
Зорлығына көне ме,
Үш жүркінқылды соғысты,
Ақсақ-соқыр қылды ғой,
Үш жүзге тарта нөкерді.
Бір жақты мұны қылғанша
Ойын-күлкі маған арам-ды.
Жақсы көрсең балаңды
Мен үшін, ата, той қылып,
Жинағын тегіс адамды.
Атасы сонда сөйледі,
Əбуталып атымды
Жетімге қалай теңеймін.
Бұл халыққа атақты
Патша болсам мен дейді
Сыртымнан біреу естісе,
Күлмей ме барлық ел дейді
Мұхамед жүрген бір жетім,
Шаһизада сен дейді.
Өз қатарың болмаса,
Бұл істі км жөндейді.
Əбужаһил сөйледі.
Қолын басып кеудеге
Қайта-қайта өтініп,
Өксіп-өксіп өкірді.
Айналайын жан ата,
Бұл іске қайтып көнемін,
Бұған көңіл бұрмасаң,
Қапамен ақыр өлемін.
Жоғаламын бір күні,
Білінбей кетер дерегім,
Бала орнына көрмедің,
Бір тілекті бермедің.
Зарлап келген балаңды
Көзіңе сен ілмедің.
Оздырады деп жетімнен
Алдыңа жылап кеп едім.
Арбағдап балаң келгенде
Қапа болар демедің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу