Өлеңдер ✍️

  17.05.2022
  246


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ана

Қарлығаштай су берген,
Қаршығадай жем берген
Қалжыраған кезіңде
Қанатыңа дем берген.
«Құлыным» деп құмартқан,
Қылығыңды ұнатқан
Тентектікті кешірген,
Еркелетіп өсірген.
Бесігіңе сүйенген,
Берекеңе сүйінген
Мереке деп сезінген,
Мехнатыңа төзуді ең,
Қуат берген – тау асар,
Талабыңа жарасар,
Туған жердің қадірін,
Топырағын, жарыған.
Жұтып жүрген ауаңды,
Табиғаттай панаңды
Тарту еткен анаңды
Көңіліңнің түнін де,
Жарық еткен анаңды,
Ел деп отқа кіруге,
Дайын еткен анаңды
Кірпігіңе шаң тұрса,
Уайым еткен анаңды –
Құрметтеп бас ие біл,
Қасиеттеп сүйе біл,
Көзіне жас алдырма,
Көңілін əсте қалдырма.
Қатты, қатты сөз айтпа
...... азайтпа
Қадіріне жете біл,
Адал қызмет ете біл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу