Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
144
![](/uploads/shorttexts/author_image/8a0df35a96c036a8f14f1197a56a5036.jpg)
Әкесіз қалғалы – әкелілерге қызығам...
Әкесіз қалғалы– әкелілерге қызығам,
шешесіз қалғалы– шешелілерге қызығам.
Өмір деген өзгермейтін ешқашан,
көз көрмейтін бас-аяғы қызық ән.
Алматыда,
Алатауда алмалы,
біраз болды мен сол әнді салғалы.
Әкемді алған,
шешемді алған сол бір ән,
ебін тауып мені де жүр алғалы.
Әуезімен бойды билеп келе ме-ай?
жандырмақ боп жүрегіме ене ме-ай?
Жалғап айға,
адамдарға нұрымды,
берілмеспін бірақ оған мен оңай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter