Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  155


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қоштасу

Қош енді, Қаратайдың асқақ елі,
Жасқанбай жан бітірген тасқа демі;
Биікке сұқтандырып шақыратын
самырсын, балқарағай, жас терегі.
Аман бол, қыран мекен – Бүркіт шыңы,
Қатынсу, Бұқтырмадай басты өзені,
«Баянда» өткен күндер есте мəңгі –
мөлдір су, жұпар ауа – жақсы еді емі.
Шығыста туғанымдай бауыр басқан
ұл-қызды қимай көзім жас төгеді.
Жаныма қуат берген осынау ел
кенелтті іні-сіңлі, досқа мені.
Болғанмен өңім асқақ, көңіл жүдеу –
мендейлер мейірімге аш келеді.
Өзге жұрт мақтанса да, асқар Алтай,
əлемнің сендей болмас басқа жері.
Болғасын көңілің ақ, ісің жарқын,
киесін кездесудің түсінді əркім.
Қоштасу керек шығар қимастармен
сағынып қайта оралу үшін бəлкім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу