Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  139


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жол үстіндегі тамаша поезд

Кім ысқырып мақтанған,
бұзақының бірі ме?
Қара күйе жаққан ба –
қараңыздар түріне!
Көзі жарқ-жұрқ, о несі? –
дем алады ысылдап,
сарт-сұрт етіп денесі
зəремізді ұшырды-ақ.
Ұшқын шашар саған мың,
жанығандай шалғыны.
Оған жақындағанның
ысқырады барлығы:
каникулда ауылға
бара жатқан бала да,
суға түсіп, дауылға
кеуде тосқан жағада
балалардың барлығы:
тентегі мен жалтағы,
сепкілі мен тарғылы,
дударбасы, аңқауы,
жуасы мен салқамы –
ысқырынған поездың
қосылады əніне –
ысқырады бəрі де.
Терезеден қара:
жол
қашып барады далаға,
паровоздан қала ма –
ызыңдайды бағана.
Тас қараңғы айнала,
түнек-түннің көзінде.
Қорқып тұрған қай бала?
Ысқыр онда өзің де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу