Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  173


Автор: Фариза Оңғарсынова

Өмір

Бұл өмір қайда барады шабыспенен?
Ерем деп сілем қатты, қамыс-денем.
Жолшыбай жоғалтыппын бар мүлкімді
ар, ұят, имандылық, намыс деген.
Жүріппін, кідіріссіз сар желіспен,
сусыным шалап екен бал деп ішкен.
Білмеймін кімдер қашан айдап кетті
шырылдап бабам жиған малды өрістен.
Қысқарттым құр шабыспен қысқа күнді,
денемде тері орнында – мыс жамылғы.
Адалдық, зұлымдықты айыра алмай,
досымнан жақын көрдім дұшпанымды.
Бермеді өмір-шабыс маған тыным,
сезбедім, тірлік мəнін, адам құнын,
тебініп текіректеп кете бердім,
тірілей қырықтым да анам тілін.
Табылмай құл тірлікке бір арашы,
морт сынды өмірімнің бұғанасы.
Миым – тас, жүрегім – мұң, сезімім – көн,
алдымда – ажал-шыңның құламасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу