Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.04.2022
189
ЖЕРГЕ ЕЛІКТЕП ӘЖІМ ТҮСТІ БЕТКЕ ДЕ…
Жерге еліктеп әжім түсті бетке де,
Бұлтқа еліктеп ұйысады жабағы.
Ошақтағы от күнге еліктеп көктегі,
Ол да өзінше қып-қызыл боп жанады.
Кейбір жігіт шабытына құрайлап,
Бәріне де бар шығар деп бір өлім.
Сахнада өліп өшіп жүр ойнап,
Ақындардың ролін.
1965
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇