Өлеңдер ✍️

  30.03.2022
  127


Автор: Абдрахман Асылбек

Кілт пен құлып

Есікте құлып тұрды,
Тесікте кілт тұрды,
Соңғысы күліп тұрды:
– Құлыпты қашанда,
Жабам да, ашам да.
Сонда да
Бағамды ол білмейді,
Көзіне ілмейді.
Өкпем сол ғана –
Сені жұрт пір дейді.
Бірақ, менсіз
Ретсіз, жөнсіз
Үйге ешкім кірмейді.
Құлып былай деді:
– Соншалық Құдай ма едің?
Үйді бақсаң,
Мені ашып-жапсаң,
Орындағаның қожаның бұйрығын.
Ал, өзінше ашпайтын,
Ешқайда баспайтын,
Белгілі ғой құйрығың.
* * *
Мысалда мынандай мән бар:
Біреусіз ештеме шешпейтін,
Өзінше өспейтін
Аз емес қой жандар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу