Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  224


Автор: Тортай Сәдуақас

АНАЛЫҚ СЕЗІМ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА

Жарқылдап жасын солқылы, Сапырған суды, жер-көкті:
Қиянда атом толқыны, – Бесікті, бәлкім тербетті.
Асылған жардың басына, Құласа төмен хал нешік?
Жылаған көздің жасы ма, – Қиянда қалған тал бесік?!
 Қиямет-қайым күн кешіп, Шалдығып шоқты басам да;
Қарымнан кетпес бұл бесік, – Қиянға тартсам қашанда.
Тосса да тозақ жолымнан, Күш берген бірақ күніге, –
Бесігім түспей қолымнан, Жетермін жердің түбіне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу