Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  121


Автор: Тортай Сәдуақас

ЦЕХМЕЙСТЕР КУПРИЯН

Қаралы сол бір күндері, Қоршады ляхтар қаланы;
Минамен бұзып іргені, Дамылсыз атой салады.
Казак пен мещан әулеті, – Олар да үзбей үмітін;
Зеңбірек – қайтпай жау беті, Гүмпілдеп жатты күні-түн.
Цехмейстер Куприян, – Кіжінді бұл жай мезі еткен;
Достарын жиды бүкіл һәм, Мақсаты – өжет, сөзі – өктем.
«Бауырлар, жетер, қоршауда, – Жорамал жасап, бал ашқан,
Мещандар дейтін жан сауға, – Бірлікке келсін жарасқан!
16 Цехмейстер – цехтағы аға шебер.
 Шабамыз түнде шатырды, Лап беріп кенет жауызға!
Жасаймыз заманақырды, Ляхтарды лақтай бауыздап!»
Осылай шешті, келісті... Бақтары жанып, не керек,
Өлікке толып жер үсті, Күйреді жау да керемет.
Жиналған жұрттың баршасы, – Лепірген! «Ту!» деп еңіреп.
Етікші менен самсашы, Қала да, қалған төңірек.
Жиналған ес жоқ жаранда: Куприян батыр бастаған!..
Боздақтар – басты алаңда, – Гүлменен өріп тастаған.
Шу шықты алаң ішінен, Дүр етіп халық дүрмекке:
Куприян мынау ісімен, – Лайық деп қандай құрметке!
Бірі айтты: «Бұрын кім еді? Цехмейстер? Соған сай, лайық:
Ісі бар, – көптің тілегі, – Бургомистр сайлайық!»
Біреулер: «Бос сөз мұнысы! Сый ма сол, айтсақ ойлана!
Комендант болсын дұрысы, – Зеңбірек тұрған қоймаға!»
«Мырзалар, – деді бір қасқа, – Көрмесін десең тапшылық;
Пұл жиып берсек – бір басқа, Куприянға үлкен жақсылық!»
«Қой, жо-жоқ! – шулап жиын да, Қарыса түсті қасқара, –
Ерліктің құны – тиын ба? Ұят-ай, бұл не масқара!»
Олай да былай сапылдап, Қызғандай айтыс-тартыс та;
Біреулер мұны мақұлдап, Күңкіл де шықты әр тұста.
Мінбеде енді – мес қарын. Бургомистр – хұқы нән.
Барқылдап айтты ол ескі әнін: «Жасасын біздің Куприян!
Дұшпанның қолын күйретпек; Ер берді бізге тәңірім;
Ерлікке лайық құрмет деп, Айтпады бірақ әмірін.
Құн бар ма жиған тиында, Тиімсіз бізге әрі бұл;
Бастық қып қойған қиын да, – Басқаға күйік бәрібір.
Жүрген соң бірге бастарың, Бізге де тыным, жоқ дамыл,–
Сондықтан жекжат, достарым, Түйінді сөзге тоқта бұл:
 – Өлгенде ғана ол даңқты! –
Мерт болсын, басқа не керек?!.
Өлген соң жинап халықты, –
Әулие дейміз керемет!..
Куприян сабаз сүйегі, –
Жатпай ма төбе басында;
Бейіті – көпке киелі,
Береміз ел боп асын да...»
«Тамаша! Жөн іс! Табылған!» –
Деп тынды арты егестің;
Куприяннан тауы шағылған, –
Сұраған тіпті жоқ ешкім.
* * *
Именбе, егер менменсіп кетсем паңданып,
Жалғандық арсыз даурықса бастап бір сұмдық,
Көршінің мұңын көрмеген болсам таңданып,
Ызыңдап жетсе сонадай сорлы күншілдік,
Сұр жылан жала сумаңдап және тигенде, –
Именбе!
Айт ашық, егер жүрегің тұнса сезіммен
Ақиқат пенен ізгілікті іздеп аңсаған;
Қақырап жатса шынайы, жарқын сөзіңмен, –
Ескілік пенен топастық түге қаусаған;
Жалында, лаула, қат-қабат сынмен айқасып, –
Айт ашық!
3 ақпан, 1916




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу