Өлеңдер ✍️

  24.03.2022
  119


Автор: Тортай Сәдуақас

О, Россия,

О, Россия,
мекені мұң, төзімнің,
Қай заманға тап болдың сен бүгінде;
Менменсінген аға ұрпағың өзіңнің,
Ұйлығыпты, үрей басым түрінде.
Дірдек қағар – алдында әлі ауыр сын...
Ұрыс қылып сол еркіндік үшін де;
Кептерлерің талпынып көк қауырсын,
Қаза көрген қарлы боран ішінде.
О, Россия, мейрімсіздік жайлаған!
Святогор11 жатыр ұйықтап үңгірде,
Дарқан далаң казак еркін байлаған.
Бульварда жүр бір қыз – кептер12 бұл күнде;
Керней емес – орамалы қолында,
Күреске үндеп қанды майдан жолында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу