Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.03.2022
227
Түнгі аспан...
Түнгі аспан төріне, Көріндің, туған ай!
Оңаша жолыңмен, Келесің сырғанай...
Теңіздей түнгі ауа, – Майда есіп, тербесе;
Жаныңа бір дауа, Шеріңді емдесе!
Көріндің бұлыңғыр, – Туған ай, түнгі аспан.
Бұлт жапқан түрің бұл, Секілді мұң басқан.
Самарқау көктегі, Толысқан кезіңде,
Көз тіккен көп тегі, Тұңғиық теңізге, –
Қайғыда қамыққан, Көз ілмей жабыққан.
Туған ай! Ай-дағы, Іздейтін сияқты,
Сырларын алдағы, Күндердің шуақты...
Шипасы шеріңнің, – Іздеген ол қайда?
Дауасы еміңнің, – Бола ма, болмай ма?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇