28.02.2022
  205


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Аштан өлген 3 миллион адам ұмыт қалғаны ма?

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 18 жыл толады. Осы сана- улы 18 жылда санап тауыса алмайтын қаншама ірі қадамдар жасалды. Мұны жоққа шығару көрер көзге әділетсіздік бо- лар еді. Біз осы жылдарда жұрдай болып тоналған тарихи жәдігерлерімізді, кім көрінген қымқырып кеткен асылдары- мызды іздеумен айналыстық. Бірақ, қолдан бір шығып кеткен нәрсе оңайлықпен қайта қоя ма?


Әлемнің рухани, мәдени қағбаларын есептемегенде, орыс- тардың алтын сандығы – Эрмитаждың өзінде екі миллион- нан аса көне дүниенің небір жауһарлары жинақталған. Үш ғасырдан бері ұрланған-жырланғаны бар, «бұйымтайшылап» алғаны бар, хан, сұлтан, билердің сыйға тартқаны бар, несін айтасың, сол мұражайда қазақ халқының қыруар төл мүлкі көздері жәудіреп әлі тұр.


Дәл қазір осы жәдігерлерге тісіміздің суын жұтып, құр тамсанғаннан басқа дәрменіміз жоқ. Сонау бір жылдары Ұлт- тық Ғылым академиясының президенті болып тұрған ша- ғында атақты ғалым Шаһмардан Есенов ағамыз Канадаға барған сапарында аз ғана долларына дүние алмай, әл-Фараби бабасының «Қайырымды шаһар тұрғындары туралы» тракта- тын сатып алып, елге әкелуі қандай ғанибет! Әрбір қазақ ба- ласы осындай іс тындырса, талай ұрпақтан алғыс алар еді-ау!


Жә, біздің айтарымыз бұл емес еді. «Бірді айтып, бірге кетіп» жатқанымызды оқырман қауым бағамдар.


Осы он сегіз жыл ішінде басқа халықтар ой ойлап жат- қанда, біз той тойлаудан дүние жүзінің алдына шығып кетуі- міз кейбіреулерге әбестік болып көрінгені де рас.


Жекелеген тұлғаларымыз ештеңе емес, сақал-шашын са- хараның жебір желіне босқа ағартып, бір шөптің басын сын- дырмай кеткен «белгісіз перғауындарға» да жұтындырып ес- керткіш тұрғызып, мазар салу модаға айналды.


 


Уай, әлеумет! Уай, мырза-шоралар! Менің сіздерден сұ- райтын бір сауалым бар: Сіздер осы ас берерде, минарет тұрғызарда «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген әбден көктақым, аққаптал болған мақалды жиі айтасыздар.


Ал кешегі көріңде өкіргір көрдемшілердің қолымен жа- салған айтақыр аштықта оталып түскен 3000000 бауырымыз- ды еске алмауымыз қалай? Осы бізді қарғыс атып жүрмесін!


Бүкіл қазақ даласы өлексе сасыған мұндай ғаламат траге- дияны бүгінгі ұрпақ білмей-ақ қойсын дейтін шығарсыздар.


Бірақ, өзге халық мұндай зор зұлматты баласының баласы- на зар еңіреп айтып кетеді екен. Әне армяндарды қараңызшы, түріктердің қолынан қаза тапқан жүздеген мың бауырларын бір сәт те естерінен шығармайды, зәулім-зәулім қаралы ан- самбльдер тұрғызды, сонда күні-түні жүрегіңді жұлып ала жаздап армянның ұлы сазгері Комитастың зарлы әуендері ой- нап тұрады. Ойлап қарасақ, кейінгі ұрпақты ел тағдырына жеміріле ойландыратын, сақтыққа үндейтін сансыз дарақы астар емес, осындай жалпы ұлттық қаны сорғалаған қаралы ескерткіштер болуы керек. Ескерткіштерді «саяси қуғын- сүргін құрбандарына» деп жалпылама орнатпай, нақты дерек- ке негіздеп, атап орнатсақ болмай ма? Осы бір бейқамдығымыз туралы халқымыздың шежіре қарты Ғалым Ахмедов ақсақал өзінің «Алаш алаш болғанда» кітабында: «Біз Американың жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастағанын, сонда үш жүз мыңдай адам қырылғанын әр кезде аза тұтып айтып жүрміз. Әрине, аз апат емес. Ал өз елімізде колхоздастыру кезінде қазақ халқының әлгі келтірілген сан- нан он есе артық қырылғанын онша көп ауызға ала бермейміз. Астанамызда «Тың игерушілерге» ескерткіш қоямыз деп Үкімет үйі алаңына тас жазып қойып отырмыз ғой. Пайда- сынан гөрі зияны шаш-етектен болған сол «тыңнан» гөрі ел есінде қалып, кейінгі ұрпаққа сабақ болуы үшін сол алаңға зорлап колхоздастырудың құрбаны болған, аштан қырылған, Голощекиннің тілімен айтқанда «откочевниктерге» азалы әйкел (памятник) қойған мақұл болар еді», – деп дұрыс көр- сетті.


Иә, адам баласы көзі тірі кезінде үйінің, қорған-қамалы-


 


ның, болашақ зиратының мәңгілік болуын ойлап, соған бар өнерін салады. Тәңірден басқаға «тәйт» дегізбеген небір ба- ғландар мыңдаған адамның қаны мен сөлін қоса сығып, әр дәуірде арттарына салтанаты жарасқан алапат ескерткіштер қалдырды. Болатыңды бордай үгетін қиқар уақыттың тезі- не шыдай алмай, солардың дені жер бетінен өшіп кетті. Тек қана 5000 жыл бойы мезгіл «мыстанымен» арпалысып, ақы- ры оған жеңдірмей, Мысыр пирамидалары ғана бүгінге жетті. Егер әр ұрпақ өз кезегінде туған халқының қасиетті ес- керткіштерін әрлеп, аялап отырса, оған жытқыр уақыт та,


жебір желдер де ештеңе істей алмайды.


Кешегі Кеңес Одағы кезінде үкімет басшылары өздерінің есімдерін көшелер мен кенттерге, зауыт, фабрикаларға қо- сақтап, бір жырғап қалды. Бұл ұятсыздық бүгінде әбден ша- рықтау шегіне жетті. Ұлт дамуындағы тарихи кезеңдер құн- дылықтарын рахаттана ұмытып, қазір түрлі қалталылар, гу- бернаторлар, кейбір басшылар өздерінің екінші ғұмырларын ойлап, әлдеқашан іске кіріскенге ұқсайды.


Мысалы, Александр Руцкой Курскіде өз атынан ат шап- тырым мемориал кешен салдырып, маңдайшасына: «Архи- тектор А.В.Руцкой» деп үлкен әріптермен жаздырып таста- ды. А.Руцкойден Саратов облысының губернаторы Дмитрий Аяцков та қалысар емес. Ол өзінің туған жері Столыпин се- лосында храм салдырды. Ерекше әрленген храмның ішкі кө- ріністерінің бірінде губернатор Аяцковтың бейнесі қасиетті тұлға ретінде бедерленген. Бұл енді жай адамның көзімен қарағанда нағыз шектен шыққандық.


Сөйтіп, бүгінде Ресейдің әр түкпірінде «тірі құдайлар» алшаң басып жүріп жатыр. Өз атын ұлықтауға келгенде бұрынғы Түркменстан президенті Сапармұрат Ниязовқа еш- кім тең келмейді. Красноводск, яғни бұрынғы Шағадам қа- ласын Түрікменбашы қылып қайтадан өзгертті. Ашхабад қа- ласының орталығында 72 метр биіктікте мемлекет басшы- сының 12 метрлік алтынмен апталған мүсіні тұр.


Бірақ тарихқа не шара! С.Ниязов қаза болып оның орны- на келген жаңа президент Қ.Бердімұхамедов елдің дамуын- да ешқандай жеке басқа табынушылық болмауы керек деген


 


қағиданы ұстанып, бұрынғы Ниязовтың аты берілген ғимарат, көше, қала, гүлзарлар, ескерткіштердің бәрінің аты өзгерті- ліп, орындарынан алынды. Тіпті Ниязов енгізген күнтізбе де күнделікті қолданыстан шықты. Ол жапқан опера және балет театры қайтадан ашылып, жұмыс істей бастады.


Түркменбашыға қарағанда Асқар Ақаев имантаразылау екен. Ол қырғызстандық мүсінші Т.Садықов дүниеге әкел- ген «Ел құты» деп аталатын тамаша ескерткіштің ішінде рес- публикаға еңбегі сіңген алпыс адамның бірі ретінде бейне- ленген.


Ал атын мәңгіге қалдыру дертінен Қазақстан да құр емес. Солтүстік облыстарда қаржыны судай шашып, небір алып храмдар салынып жатыр. Кейбір қазақстандық алпауыттар қатерсіз, шұрайлы жерлерге өздерінің болашақ пантеондарын дайындап жатқанын алып-қашпа сөздерден естиміз. Оны- сы мәңгілік болса жақсы. «Туасы, ел мен жер тарихындағы қаралы кезеңдерді, қилы замандарды саясаттың сайрауығы боп – ойынан да, сөзінен де сылып тастаймын деген азамат, не оның ұрпағы, дәл сол кезеңдер мен замандардың зоба- лаңын өз басынан өткеруге мәжбүр ғана емес, міндеткер болды. Тарихта көз жоқ, көкірек жоқ деген бекершілік. Та- рих – қарғыс, тарих – кек, тарих – Рысқұл. Рысқұл Сайма- сай тақылеттестердің тәтті жанынан ұлтарақ қимай қоймай- ды...», деп Асқар Сүлейменов айтқандай, халық ертең осы


«перғауындардың» артына қалдырған мұраларын тып-типыл ғып өртеп, жермен-жексен етіп жатса, қас масқара сонда бол- май ма?


Бірақ, барлық пен билік жан-жағыңа қарата ма? Амал не, бүгінгі «тірі құдайлардың» мәңгілік ескерткіштері қазірден бастап сап түзеуде.


Ал, үш миллион адам қырылған, халқымыздың аса зор трагедиясының елесі де жоқ...


«Жас Алаш», 28.06.2001 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу