28.02.2022
  138


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

бАйғҰСТың АСы АуыЗ ТИюМЕН ТАуСыЛАР...

Дүние жүзінде екі байлық бар: біріншісі – пайдалы қазба- лар, екіншісі – ақылдың байлығы. Ендеше, бізге де ақылдың байлығын сататын заман туды. Жер байлығы бір күні таусы- лады. Мысалы, Сауд Аравиясының мұнайы 200 жылдан ке- йін, Біріккен Араб Әмірлігінің мұнайы 20 жыл өткесін, Қазақ- стан мұнайы 22 жылдан кейін түгесіледі деп есептелінуде.


Біз бұл деректерді көктен алып отырған жоқпыз, әйгілі


«Ekonomist» журналының өткен жылғы шілде айындағы са- нында білікті мамандар осындай жорамал айтады.


Оны айтасыз, таяуда ғана Ресейдің мұнай министрі осы елде «қара алтынның» тек 18 жылға жететін қоры қалғанын өзегі өртене тұрып жеткізеді. Сыртқы сауда жүйесін қапысыз зерттеп, бір арнаға түсірген Араб елдері қазір жөн-жосық- сыз шетелге шикі мұнай сатуды шектеп келеді. Мысалы, кейбіреулер Кувейт тек мұнай сатумен айналысады деп ой- лауы мүмкін. Ал негізінде олардың ұлттық байлығының тек 20 пайызы мұнайдан, қалған 80 пайызы банктерден, инве- стициядан т.б. түседі. Ел басқарып отырған қазіргі сұлтан өз халқына: «Мұнай мен газ, жалпы жер асты байлықтары, бұл Алладан бұйырған қазына, бұған біздің ешқандай қатысымыз жоқ, ал қатысымыз болуы үшін оған озық технология енгізіп, барынша үнемдеп, халықтың талшығына айналдыра алсақ ол біздің игілігіміз бола алады,” – деген. Бұл – бүгінгі Қазақ- станға да сабақ боларлық тәжірибе. Еліміздің мұнайы қазіргі


 


таңда шетелдік алпауыттарды көптеп тартуда. Тіпті кейбір империялар бізді қанатының астына алатындай емеурін та- нытады.


Бірақ әркім өз текеметін тұйықтап жатқан бүгінгідей аяр, зымыстан кезеңде «үлкен достар» бізге шын жүректен құсы түсіп, қарайласа қойса жақсы...


Қалай дегенмен де, айранша ұйып тұрып, сабынша бұзыла кететін саясаттың ұйтқыған алақаншық бораны қаймана ха- лықты әлі талай әбігерге салар-ау!


Иә, еліміздің саяси қазаны бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Қа- зақстанның Ұлттық банкі 2006 жылдан бастап 200, 500,1000,


2000, 5000, 10000 теңгеліктерден Әл-Фараби бабамыздың бейнесін алып тастамақшы. Мұның астарында не сыр бар? Тәуелсіздігіміздің сарыала таңында халқымыздың көз қуа- нышына айналған Абай, Сүйінбай, Шоқан, Құрманғазы бей- неленген ақшаларымыз инфляция құрбанына айналып, құр- дымға кетті.


Жақын арада Людмила Путина Астанаға ат басын тіреп, еліміздегі орыс қауымдастығымен армансыз сырласты. Орыс патшасының әйелі қазанның салқын желіне ұрынып мұнда не істеп жүр?


Іле-шала В.Жириновский (АиФ, №41, 2005 ж.) өзінше бал ашып: «Қазақстан Белоруссиядан 13 есе үлкен, қазба байлық- тары ұшан-теңіз, экономикасы жылына 10 пайызға өсіп от- ыр. Н.Назарбаевтың Ресеймен «некелесуі» түрлі-түсті төң- керістен сескенгендігі. Соған қарағанда, Путин 2008 жылы Одақ мемлекетінің президенті болатын сияқты. Қазақстанда орыстар көп, есесіне біраз қазақтар Ресейде тұрады. Егер құдай қолдаса, бұл Одақ бұрынғы КСРО территориясының 80 пайызын қалпына келтірер еді», – деп көкиді.


Кімнің аузына қақпақ болғандаймыз, алайда жонарқаңды кірпі аунағандай қылатын осындай сойқан пікірлер үдеп ба- рады. Мұның арты неге апарып соғарын да ешкім білмейді. Людмила Путинаның артынан іле-шала елімізге жемтік іздеп, дүниені шарлаған ұябасардай, Кондализа Райс келді. Бұл тегін жүр деп кім айтты?


Кондализа Райспен ере келген CNN тілшісі (14.Х.2005 ж., Н.П.) Елбасына қаратып: «Президент мырза, сіздің бір қызы-


 


ңыз БАҚтарды қадағалайды, екіншісі – банк басқарады, Са- яси оппозиция қуғындалу үстінде. Сонда сіздің диктатордан айырмашылығыңыз қайсы?» – деп бет-ажарына қарамай, ау- ыр сауал тастады.


Оған Н.Назарбаев: «Байқап тұрмын, біздің оппозиция сіз- ге біраз нәрсені бұрмалап жеткізген сияқты. Менің қызым құрған «Хабар» телеагенттігі бұл мемлекеттік компания, ол оның меншігі емес, ол тек қана менеджерлік қызмет атқара- ды. Екінші қызым бизнеспен айналыспайды. Ол Қазақстан- дағы оқу-ағарту қорында еңбек етеді. Саясаткерлерді қу- ғындады дегенге келсек, біздің оппозиция жемқорлығы үшін жазалағандарды қорғап отыр. Біз ТМД елдерінің ішіндегі


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңын қабылдаған жалғыз мемлекетпіз, осы заңның аясында екі министр, бір губернаторды қылмыстық жауапқа тарттық», – деп жал- пылай жауап берді.


Тіпті, оппозиция айтпағанның өзінде, әлемдік баспасөзде Қазақстанның саяси келбеті туралы шығып жатқан мақа- лалар аз дейсің бе? Экономикалық өсімімізді қанша мақтаға- нымызбен оның да жайы белгілі.


Бір кезде Бүкілдүниежүзілік банктің президенті Вульфен- сон былай деп еді: «Байлар мен кедейлер арасындағы қабыр- ғаға сызат түссе, онда бұл қауіпті әрекет бай елдердің өзін тығырыққа тіреп, апат жағдайына алып келуі әбден мүмкін. Біз ең алдымен кедейшілік мәселесін түбегейлі шешіп алмай тұрып, дүние жүзінде тұрақтылық орнады деп көрсетуіміз әділеттік болмас...»


Иә, бүгінде Қазақстандағы байлар мен кедейлердің ара- сы алшақтағаны былай тұрсын, ырсиып барады. Меншіктік бөліністер бір халықты тас-талқан қылуға айналды. Қалай дегенмен де, соңғы уақытта елімізде аса бір дүрбелең ту- ғызған жағдай – жанар-жағармай мәселесі. Теледидар, га- зет біткен Школьник байғұстың артына күшәлә қыстыра қуа- лап, ал бұқараның оны атарға оғы жоқ. Бұл арада бір нәр- сені терең түсіну керек. Школьниктің қолында тұрған не бар, ол бір жүрген қуыршақ... Шетелдік атты жамылған «Петро


– Қазақстанның» шын иесі өз ішімізде жүрмесін... Олай де- уге біздің толық құқымыз бар. Өйткені Үкіметтің жасас-


 


қан халықаралық келісімдерінің бәрі халықтан жасырын ұсталады. Халықты айтасыз, бұл тіпті Парламентке де бей- мәлім. Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов бірде: «Біреу- міз ұйықтап отырамыз, біреуміз газет оқып отырамыз, өзара өсек соғып отырғандар қаншама мәжіліс кезінде... Әй, біз Парламент болып шекесін қыздырмайтын шығармыз!», – деп шындықты айтып еді. Міне, біздің Парламенттің сиқы! Қазір кімде ақша болса, сол депутат болатын болды.


«Өзіңіз қараңызшы, Парламентте қазір депутат – биз- несмен, депутат – базарком, тіпті депутат – рэкетир де жүр ғой. Бұл орын оларға не үшін керек? Әрине, өзінің бизнесіне


«крыша» болуы үшін керек. Ал өркениетті елдерде шын биз- несмен Парламентке тегін шақырса да жоламайды», – дейді академик Оразалы Сәбден ағамыз. Иә, ғалымның сөзінің жа- ны бар.


Жә, бір сөздің, бір сөз қуғыншысы ғой, енді қайтадан жа- нармай мәселесіне оралайық. Түбінде әлеуметтің нағыз тал- мау тұсы, жарылар шиқаны – осы жанар-жағармай болып жүрмесін?!


Бұл тапшылық әсіресе, Оңтүстік аймақтарда өршіп кетті.


«Жанар-жағармай» бекеттері ассоциациясының жетекшісі Қайыпбек Қамбаровтың айтуынша, бұл тапшылық қолдан жасалып, мұнай өндеу зауыттары ішкі сұраныста шаруа- сы болмай, бензинді экспортқа төкпектетуінен болып отыр- ған көрінеді. Мысалы, қырқүйек айында «Петро-Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысына тек қана 6 мың тонна, қазан айында тіпті сорлатып 900 тонна бөлген. Ал занды құлағына қыстырмайтын монополистер осы уақыт ішінде 32000 тонна таза бензинді Грузияға, Тәжікстанға, Қытайға сатып жібер- ген.


Қазіргі біздегі бензиннің бір литрі АҚШ-тағы бағамен теңеліп қалды. Оқырманға мына бір кесте де қызық болар. Сонда бензиніміздің бағасы тұрғындарының айлығы бізде- гіден 20 еседей артық АҚШ-пен бір болғанда, әлеуметке қа- лай шыр бітпек? Жанар-жағармай бағасы Францияда да қым- баттай бастап еді, осы елдің қаржы министрі мұнай компа- нияларына аса қатал шара қолданатынын ескертті және


 


қосымша табыс салығын көбейтетінін мәлімдеді. Сол, сол- ақ екен, жанармай бекеттеріндегі баға 3,5-4 пайызға дейін төмендеді. Қалай дегенмен де, біз әлі күнге мұнай өндіруші шетелдік компанияларды тыпыр еткізбейтін бір тетік таба ал- май отырмыз.


Үстіміздегі жылдың басында жанармай тапшылығы Түрк- менстанда да байқалып еді, бірақ Президент Сапармұрат Ни- язов осы салаға жауапты мемлекеттік министр Ілияс Чарыевті түрмеге отырғызам деп қорқытып, дағдарысты тез арада жол- ға қойды. Біздің министрлердің қатаң талап, жанкешті жұ- мыс, жаза дегенді ұмытып, әбден көбеңсіп кеткені жанға ба- тады.


Қазір республикамызда төленетін жалпы жалақының 25 пайызынан астамы шенеуніктерге тиесілі екен. Басқасын айт- пай-ақ қояйық, тек министрдің өзінің жалақысы 3000 дол- лардың шамасында. Және бұл айлыққа қарап жалақтап отыр- ған адам емес қой. Енді мына бір дерекке назар салыңыз. Жақында Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының прокуроры Азамат Нұрболатов аудандық пошта байланысы басқармасының почтальондарының айлығы 1800 теңге еке- нін біліп, тексеру жүргізді. Ал еліміздегі ең төменгі жала- қы – 9200 теңге екені белгілі. Статистикалық деректерге рес- публикамыздың әр тұрғынының орташа жалақысы 28000 тең- ге деп көрсетілген. Сонда біз кімді алдап келгенбіз? Халық- ты тағдыр тәлкегіне тастап, әбден ыңыршағын айналдырып, бірақ баяғы жоғары жаққа ақпар берген сияқты халықаралық мекемелерге деректерді бұрмалап көрсеткеннен не ұтамыз?


Біз осылай бір қолымызды екі ете алмай, жанұшырып жүр- генде, біреулер ақ адал несібемізді тал түсте ұрлап, әбден ша- ялап, байып жатыр. Әлемдегі ең бай адамдардың тізімі жа- рияланатын америкалық «Forbes» журналына қазақстандық 3 миллиардердің кіргеніне қанымыз қайнап жүрсе, енді төр- тіншісі де ілігіпті. Оны ағылшынның «Times» газетінің тіл- шісі өз мақаласында қазақ деп жазып жіберіпті.


Япырмай, қазақ миллиардері кім болды екен деп таңдай қағып жүрсек, бұл – Қазақмыстың 40 пайыз акциясын ие- леніп отырған Владимир Ким болып шықты. Оның байлығы 1 миллиард 85 миллион долларға жетіпті. Міне, керемет де-


 


ген осы! Ал кейбір ауылдың тұрғындары мал қиына нан пісіріп отыр. Бүкіл Қазақстан Ресейдің «Шадринский» сүтін пайдаланады. Иә, «Кедейдің күні кіжінумен өтеді» деген- дей, экономикалық өсім жылына 9 пайыз деп өз-өзімізді күм- пілдеткенімізбен, аса шығандап кеткеніміз шамалы. Жемқор- лық жүрген жерде не оңсын?


Әрине, қоғамның бүкіл буынын меңдеп кеткен қасіретті бірден жою оңай емес. Қазақстанда да күндердің күнінде ыңыранған дәулетке ие болған, бір өзі бір-бір перғауындай бүгінгі билікке қаны қайнаған Ю.Андропов сияқты бір жа- лаңтөс шықпай қоймайды. Бұған таңданатын не бар?!


Бұл көбеңсіп кеткендерді тәубасына түсіретін хақ таға- ланың ақ бұйрығы сияқты нәрсе емес пе?


«Ақ жол Қазақтсан», 21.10.2005 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу