Әңгімелер ✍️
ПАРыҚСыЗ ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАуҚАР ҚАЛМАй бАРАДы...
«Заңы мен дәрігері жүмыс істемейтін елде өмір сүру қа- уіпті» деген екен бір дана. Өз заңын құрметтеп, әспеттеген халықтың кенже қалғанын ешкім естіген жоқ.
Американың бүкіл басшылығы орын тепкен Вашингтон қаласында Капитолийден биік үй салынбауы өз заңын қас- терлеуден туған үрдіс екені ақиқат.
Негізінен Парламенттің міндетіне заң шығару, мемле- кеттік бюджетті қабылдау, халықаралық шарттарды бекіту, Конституциялық бақылау органдарын тағайындау кіреді. Біз күні кешеге дейін бар мәселемізді қауымдасып, билер инс- титуты арқылы шешіп келген халықпыз. Дәл қазір де елді басқарудың парламент жолы дұрыс екенін өмірдің өзі дәлел- деп отыр.
Бірақ өз халқы еліміздегі ең жоғары Заң шығару мекемесін “қалта Парламенті” деп келеке етіп отырған жағдайда олар шығарған заң қайдан тап-тұйнақтай бола қойсын?! Өйткені осы халық “қалаулыларының” сайлау алдындағы жанкешті әрекеттері, қулық-сұмдықтың неше атасын қолданғаны көп- шіліктің көз алдында өтті.
Тіпті, әрі-беріден кейін ең жоғары Заң шығару мекемесін
«қалта Парламенті» деп отырған біз емес, бұрынғы Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаевтың өзі. Ол бір сұхбатында: («Ақ жол Қазақстан», 25.04.2003 ж. «Мәжіліс «Карманный Парла- мент» екендігін көрсетті») былай дейді: «Өз көзқарасым үшін шамамның жеткенінше күресіп жүргеніммен, шынымды айт- сам, әріптестерімнің болашақты ойламайтындықтарына өкі- немін. Олардың қалай сайланғандарында шаруам жоқ, алай- да депутаттық білімнен бұрын, ең бірінші жүректен шыққан сезімі, сенімі керек. Адалдық пен тазалық керек...»
Осының өзінен-ақ, «халық қалаулыларының» өз ішінде де «сенің қалай сайланғаның белгілі ғой» деген ишара тұр- ғысында алауыздық жетіп артылатыны көрініп тұр.
Мысалы, И.Тасмағамбетов премьер-министр кезінде жер сату мәселесі қаралып, сенім вотумын қойған уақытта 58 депутаттың, яғни Парламенттің тең жартысының қолдауын ала алған жоқ. Парламент осы абыройымен қалса сөз басқа. Іле-шала Мәжіліс пен Сенаттың біріккен отырысына Прези- денттің өзі қатысып, Жер сату жобасының кейбір бапта- ры қайтадан дауысқа салынған кезде адам сенбестей қызық оқиға болды. Бұл жолы тіпті, ешбір электрондық құралдар, құпиялық жиып тасталынып, дауыс беру қол көтеру арқылы анықталды.
Сонда не болды дейсіз ғой: Жерді сатудың үкіметтік нұс- қасына тек екі депутат қарсы шығып, біреуі қалыс қалды. Оу, сонда қарсы шыққан 53 депутат қайда кеткен?
Ал сол кездегі Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай «Біз регламент ауқымында жұмыс істедік, ешқандай да құқық бұ- зушылық болған жоқ» дейді.
Міне, қараңғы бөлмеден қара мысық іздеу деген осы бо- лар! Ақыры сол Парламент өтірік бұлданғансып жүрді де, жер сатуды зандастырып берді.
Алайда осы құзырлы мекеме халықтың талап еткен зей- нетақыны көтеруді, шаруашылықтар мен кәсіпорындарға ши- кі мұнайды орасан көп мөлшерде шығарудың жолын кесу ту- ралы басты тапсырмаларды орындаған жоқ.
Тіпті осы Парламентте бес жыл бойы жұмған аузын аш-
пайтын, көпшілікке түр-түсі де белгісіз депутаттар жетіп ар- тылады. Бұл қос палаталы Парламентті қаржыландыру үшін жылына 6 миллиард теңге жұмсалатынын бір кезде «Ақ жол Қазақстан» газеті жазды да. Ендеше, бес жыл бойы қарапа- йым адамдардың түсіне кірмейтін орасан қаржыны үріп ішіп, шайқап төгіп отырып, әлеумет үшін шөп басын сындырмаса, мұндай Парламентті масыл демей не дейміз?!
Осы орайда, «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменовтің «Сенат қажет емес, толыққанды бір палата- лы Парламенттің өзі жетіп жатыр» деген пікірінің дұрыс екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Мысал үшін айта кетейік, Ресей Думасы келесі жылғы бюджетті де біздегідей ұзаққа созылған ырың-жырыңсыз қа- былдай салды. Неге? Өйткені, онда әртүрлі фракция өкіл- дерінен құралған Бақылау палатасы бүкіл қаржының қай- да жұмсалғанын, қайда жұмсалмағын кірпік қақпай қадаға- лайды. Бұл беделді топ біздің «халық қалаулыларымыз» сияқты қарсы келсек, Үкімет таңдайымызға татып отырған көже-қатығымызды тартып алады-ау деп алаңдамайды. Әл- гі «қалталы Парламенттің» тағы бір дәйексіздігі, саяси жал- даптығы кеше ғана көз алдымыздан көлбеңдеп өтті.
Парламент Премьер-министр Д.Ахметовті бірнеше рет қолқалап, орталарына әрең келтіргені құрысын, бір ауыз са- уал бермей, сауырынан сипап шығарып салды. Жанар-жағар- май мәселесі күйіп тұрған кезде, басқа да экономикалық қыл- мыстар балалап жатқан мезгілде егер елге жаны ашитын пре- мьер болса, Парламенттің алдында ағыл-тегіл сыр ақтарар еді ғой. Ал Ахметовтің «баяндамасы» шетелдегі мұнай бағасына шолу сияқты күлдібадам қойыртпақ болып шықты. Еліміздегі тапшылықтың түп-төркіні неде екені туралы жұмған аузын ашқан жоқ. Баяндамасын аяқтап, жанары үкікөзденіп, маза- сыз күйде орнына келіп отырды. Мынау еліміздің ең құзы- ретті үлкен мекемесі екен-ау, депутаттар менен жауап күтіп отыр-ау деген ой миына кіріп те шықпады. Осы орайда, Гри- горий Марченконың «Даниал Ахметов – кадровая ошибка президента» деген пікірі имандай шындық.
Мұнда жетесіз, парықсыз атқамінерлер кешегі Жұмабек
Тәшенов сияқты тұйғын премьерлерден садаға кетсе бол- май ма? Д.Ахметовті Парламент төрінде тайраңдатып қойған Ұ.Қараманов сияқты депутаттар. Осы «абызымыз» «Даниал Ахметовтің баяндамасы көңілден шықты, енді сауал беріп ба- сын қатырмай-ақ қояйық, босатайық» деп, аяр дипломатиясы- на салып кеп жіберді. Сауал қоюға ентелеп, кіжініп отырған өзге әріптестерінің төбесінен жасын түскендей болды. Енді депутаттар екі жақ болып керілдесіп жатқанда, сыбдырын білдірмес сілеусіндей, Ахметов те залдан безіп жоғалды. Мі- не,біздің премьеріміз бен Парламентіміздің сиқы!
«Ханнан қырық туғанша, қарадан жалғыз тусайшы, ата жо- лын қусайшы» деп Махамбет ақын айтқандай, осы саны бар да сапасы жоқ, қырық «қалталы қалаулыларымыздың» ішінде Т.Әубәкіровтің, А.Тшанның, С.Әбдірахмановтың, Б.Әбішев- тің шоқтығы анағұрлым биік. Алайда жалтақ, жәдігөй де- путаттардың Үкіметтің “артын ашпай”, қорғап қалған “ең- бектері” де қаржы министрлігі тарапынан 5-10 миллиард теңге қаражат бөліну арқылы «еленіп» отыратын көрінеді. Қараманов т.б. депутаттардың емешегін құртып отырған Үкі- меттің осындай шүлен «садақасы» ғой!
Таяудағы Мәжілістің пленаралық отырысында «картоп- ты жарған» сабаз – Ерасыл Әбілқасымов болды. Ол елдің, қоғамның, қаймана қазақтың күллі мәселесі құрып қалған- дай, елден американдықтар мен ОБСЕ бақылаушыларын қу- уға, мұхиттың арғы жағынан келген «құзғындарды» Қазақс- танға жолатпауға, Ресеймен мәңгі бірге болуға, түрмеден 20 мың қылмыскерді босатуға, Парламенттің бір мәжілісін Ұлы Қазан Социалистік революциясының 89 жылдығына арнауға үндеді.
Өз сайлаушыларының аманатын аяққа таптап, Әбілқа- сымовтың бұлайша бұра тартуын қалай түсінуге болады? Мұндай қара су құрлы құны жоқ, жалдаптық ұранға қаны қарайған Тоқтар Әубәкіров: «Интернетте сіз туралы қандай мәлімет таратылып жатқанына назар салдыңыз ба? Сіз осы кімсіз? Әріптес ретінде арагідік қол созып амандасқанымыз болмаса, сіздің кім екеніңізді бүкіл ел біледі», – деп, өзі- нің турашылдығымен, әлгі «сабазды» жағынан осып жібер-
гендей болды Япырмау, біз заң шығаруды кімдерге сеніп тап- сырғанбыз! Шынында да Парламент шұғылданатын мәсе- ле аз ба? Қаржы министрі Арман Дунаевтың айтуынша, қа- зақстандық министрліктер 30 миллиард теңгені биыл тағы игере алмай қалды. Яғни, талай ауылға су, талай науқасқа дәрі, талай егінге нәр тамбай қалды деген сөз.
«Қазақмыс» сияқты трансұлттық корпорация көз алды- мызда жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды. Алып корпорацияның жауапкершілігі неге шектеулі? Мұның аста- рында не сыр бар? «Теңізшевройл» да солай.
Ал «Қазақмыс» корпорациясының 87 пайыз акциясы Ким- ге, Новачукке, Йонг Кю-Чаға тиесілі. Халықаралық тәжірибе бойынша, алып кеніштердің 51 пайыз акциясы Үкіметте бо- луы керек қой! «Қазақмыс» билеушілері онымен де қоймай, үстіміздегі жылғы 12 қазанда, таңғы сағат сегізде Лондон биржасында «Қазақмыстың» 26,2 пайыз акциясын 1 милли- ард 17 миллион долларға әлдекімге сатты да жіберді.
Мүмкін ол әлгі бағадан бес есе көп шығар? Осы сауда- саттықтың заңдылығын тексерген кім бар?
Иә, қаныңды қарайтқан, діңкеңді құртқан сауалдар жетер- лік... Мұны тексеріп, ақ-қарасын анықтайтын депутаттардың түрі мынау!
Билік бұқараны микеще деп ойлайтын болуы керек, бірақ қаймана халық бәрін біліп отыр. Әне, радионы да солай қақсатып қойған: «Халық бәрін кешіреді, халық кешпейтін нәрсе жоқ...».
Құдауанда, қашанғы кешіреді бұ халық! Өлді ғой түге! Де- генмен, әлеумет әлі бауыздау алдындағы алапат бұлқыныс кезеңіне жеткен жоқ. Құдай оған жеткізе көрмесін!
Қазір біздің қоғамда мынадай жексұрын әдет пайда болған: көкек балапанындай бүкіл өмірлік қажеттіліктерін ұлттың мүддесінен шешіп алып, әбден жонданып алғаннан кейін, қа- лаған жағына сынаптай толқып кету...
Иә, бүгінгі билік, Парламент осындай харам пиғылдан арылмай, бізге жақсы өмір жоқ...
«Ақ жол Қазақстан», 28.10. 2005 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇