Өлеңдер ✍️

  17.02.2022
  158


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Өткінші өмір

(Әні, сезі: автор)
Мерейіңді шырқыратып,
Сай-сүйегіңді сырқыратып,
Сезбедің-ау, сүйіктіңді
Кететінін бір күн атып,
Қызыл қанын бұрқыратып!!
Адамдарды тұралатқан,
Пеле! ‒ деген бір-ақ аттам!
Сезбедің-ау, сұм дүние,
Тұратынын қиянаттан,
Ажал ‒ тажал бір-ақ аттам!
Жан болмады сырыңды ұққан,
Қасқыр – емір жұлып жұтқан.
Сезбедің-ау, тағдыр ‒ талақ
Жаралғанын зұлымдықтан!
Қапелімде дымын құртқан!!
Күл-талқан боп бар арманың,
Қастан ешті ала алмадың!
Сезбедің-ау, сұм жалғаның
Жауыздықтан жаралғанын!
Қас-қағымда жан алғанын!
Сезбедің-ау, сұм жалғаның,
Жауыздықтан жаралғанын!
Айналайын бейуазым,
Быт-шыт болды-ау, бар арманың!
16 қазан, 2007 ж.
Астана, Қара-Еткел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу