Баталар ✍️

  26.01.2022
  19690


Автор: Жібек Ысқақова

Бақытты боп екі жас!

Бақытты боп екі жас,
Қадамдары оң болсын!
Қол ұстасып екі жас,
Жорытқанда жол болсын!
Ақ отауы берік боп,
Ырзықтары мол болсын!
Сыйластыққа бастайтын,
Сезімдері зор болсын!
Тамыр жайып, жайқалып,
Қуаныштар байқалып!
Тойың тойға ұлассын!
Шілдехана той болып,
Бақыттарың қыр ассын!
Аман болсын барлық жан,
Жиналған тойға ағайын.
Құдалықтар жалғансын,
Шаттық сыйлап арайын!
Жаратқаным жар болсын,
Гүлді етіп маңайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

31.03.2026 14:13
,,балалар өте мәнді ,мазмұнды жазылған.Рақмет саған Жібек қызым

Пікір жазу