18.01.2022
  530


Жеті қазына

Жеті қазына әр ұлттың тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүріне байланысты әрқилы болып келеді. Ертедегі грек аңыз-әңгімелерде жиі кездесетін «жеті қазына» жайлы өзге халықтар секілді біздің қазақ халқына тән ерекше ұғым. 


 


Ал барша әлемге тән өзіндік «жеті қазына» және бар. Олар:


Біріншісі – аспан. Барша адамдарға ортақ шегі жоқ қорғаныс, жұлдыздар мен планетелардың құтты мекені.


Екіншісі – Күн. Күн барша тіршіліктің қайнар көзі. Жер бетіндегі адамдар мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен құрт-құмырсқалар барлығы күннің нұрлы сәулесі арқылы күш-қуат алады.


Үшіншісі – Ай. Қараңғы түнді жарқыратып, түнгі әлемге сәуле таратушы нұр.


Төртінші – Жер. Барша тіршіліктің мекендейтін құтты мекені, Анасы.


Бесінші – Су. Су – тіршіліктің мөлдір көзі. Барша тіршілік судан нәр алып, өсіп-өнеді.


Алтыншы – От. От бар жерде өмір бар. Адамдарға суықта қорған болатын, жарық беруші жаратылыс.


Жетінші – Ит. Ит адамзаттың жердегі алғашқы серігі, сенімді досы


Ал енді қазақ халқындағы жеті қазына жайлы. Жеті қазына – қазақ дүниетанымындағы философиялық түсініктің бірі. Ер жігіттің өмірімен тікелей байланыстырып жеті қазынаны атап өтеді: жүйрік ат, берен мылтық, қыран бүркіт, құмай тазы, қақпан, майланғыш ау және өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Қыран бүркіт – қуаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы – әдіс-айласы. Өткір кездігі – сұсы.


Бұл қазақ халқының жеті қазынасы. Жеті қазынаны әркезде де құрметтеп, қастерлеп келеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу