Өлеңдер ✍️

  18.01.2022
  443


Автор: Жібек Ысқақова

Қайғы әкелдің қаңтарым! (10.01.2022)

Қайғы әкелдің қаңтарым,
Жанымызды мұңды етіп.
Ызғарың жанды қариды,
Жабырқаулы күйде етіп.

Бала айрылып әкеден,
Іштей үнсіз жылайды.
Ана айрылып жарынан,
Көздің жасын бұлайды.

Баласынан айрылған,
Ата-аналар қаншама?
Қазақ елі мұңдайды,
Жанарынан жас тама...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу