10.01.2022
  877


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 8 жыл (жігіт)

Көзімнің ағы, қарасы,
Көңілдің шаттық, панасы.
Жүрекпен қалап үн қатқан,
Балаларымның анасы.

Көңілді тербеп шаттық ән,
Жаратқан қолдап, болып жар.
Бас қостық, бізге сегіз жыл,
Расында менің бағым бар.

Ғашығым менің асылым,
Сегіз жыл ашты есігін.
Жанданды пәк сезім бұл,
Махаббат тербеп бесігін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу