Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.01.2022
326
Іздеу
Көптің арасынан көзіммен,
Жоқтың арасынан көңілмен,
Іздедім!
Таба сап жоғалтар біздегі,
Осындай уақыттың тізбегі.
Мөп-мөлдір әлемге,
Шым батып кетесің.
Бір-бірін іздеген дененің,
Дыбысын тыңдатып кетесің!
Солай ма кеңістік жарлығы?
Бір-бірін іздейді барлығы.
О, Дыбыс – Ұлы үн –
Іздеудің нышаны.
Жүрегім тағы да құсалы.
Жұмыр ет үнсіздік хәлімен,
Өлең боп кеудемнен ұшады.
Сендегі жұмырды осы кім,
Аямай кеудеңе тұсады?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter