16.12.2021
  350


Автор: Қабдеш Жұмаділов

ГОЛОЩЕКИННІҢ ҚАЗАҚСТАН- ҒА КЕЛУІНЕ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӨЗДЕРІ СЕБЕПШІ БОЛДЫ


  1. Голощекин – ғайыптан біздің тарихымызға қо- сылған, қазақтың бақытсыздығына, қайғысына, қасі- ретіне себепші болған, қолы қанды, жолы зарлы адам. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға келгенде 50 жаста екен. Бұрыннан келе жатқан большевик. Ресейдегі Қа- зан төңкерісіне белсене қатысқан. Кейін сол больше- виктердің Орталық комитетінің мүшесі болған. Тәжі- рибелі солшыл. Ресейдің соңғы патшасы Николайды бала-шағасымен, аспаз, дәрігерлерімен қоса бірде-бір куәгер қалдырмай атып тастаған. Оларды дұрыстап та көмбей, барлығын шахтаға тастаған. Арада 70 жыл өт- кенде, Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін орыстардың өздері коммунистерден азаттық алып, өз патшасының сүйектерін шахтадан тауып алып, астанаға, үлкен шір- кеудің ауласында арулап жерледі. Мен «Аранға түскен аққулар» дейтін Т.Жүргенов, Т.Рысқұлов, Б.Майлиннің әйелдері туралы жазған деректі повесімде алғаш рет өз- геше пікір айттым. Егер, менің ойымша, Голощекин Қа- зақстаннан басқа бір, тату-тәтті тұратын, бірлігі берік елге келсе, олай дандайсып кетпес еді. Керек десеңіз, Голощекиннің Қазақстанға келуіне қазақтардың өздері себепші болды. Сол 1925 жылы көктемде Т. Рысқұлов Сталинге: «Қазір біздің Қазақстанда байлар қайтадан тіріле бастады. Алашордашылар қайтадан билік басы- на келе бастады. Ташкентте алашордашылар «Ақ жол» дейтін газет төңірегіне топталған. Онда М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтар жұмыс істейді. Байларға шек қойып, газетті жапсаңыз екен», – деп хат жазады. Дәл сол жылы мамыр айында С.Сейфуллин Мәскеуде Бүкілресейлік советтердің съезіне қатысады. Сол күндері Сталинге хат жазып, қабылдауында болады. «Ақынның ақырғы күн-


 


дері» деген әңгімемде Сәкеннің Сталин қабылдауында болған сәті толық жазылған. «Мен қазір жұмыссыз бос қалдым. Мен Кеңес үкіметін орнатуға атсалысқан адам едім. Колчактың түрмесінде болғам. Қазір мені байлар мен алашордашылар ығыстырып шығарды. Мен босқа жүргенше, осындағы партия мектебінде оқиын. Соған жолдама беріңіз», – дейді С.Сейфуллин. Сталин: «Сіз қандай оқу бітіріп едіңіз?» – деп сұрайды. С.Сейфул- лин: «Мен семинарияны ғана бітіргенмін», – дегенде, Сталин: «Мен де семинарияны ғана бітіргенмін. Сіз қазір Қазақстанға керексіз. Большевиктер үшін осы оқуыңыз да жетеді. Сіз елге қайта беріңіз. Жақын арада Қазақстанды тәртіпке келтіретін адам жібереміз. Бай- лар мен алашордашыларға шек қоятын адам жібереміз. Сіздер соған көмектесіңіздер», – дейді. Бұл – мамыр айында болған әңгіме. Сонымен арада төрт ай өткен соң, қыркүйек айында Қазақстанға Филипп Исаевич Голощекин Қазақстан Компартиясының бірінші хатшы- сы болып келеді.


Алғашында бір ай бойы қазақтар Голощекиннің есігінің алдын бостатпапты. Жағымпаздар жаңа бас- тықты құттықтап, бірінің үстінен бірі шағым айтқан. Сейфуллин, Меңдешев, Рысқұлов, Құрамысов, Исаев- тар бірінің үстінен бірі арыз жазған. Кімнің алашорда- шы болғанын, кімнің кеше Кеңес үкіметіне қарсы болға- нын, кімнің діншіл, кімнің байшыл болғанын жеткізген. Голощекин соның барлығын білгенде «Мұндай да ел болады екен» деп қарқылдап күлген екен дейді. Соның алдында сейфуллиншілдік, меңдешевшілдік, рысқұлов- шылдық деген ағымдар болған. Сейфуллин – Орта жүз- ден, Меңдешев – Кіші жүзден, ал Рысқұлов Ұлы жүздің өкілі екені түсінікті. 1925 жылы С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» атты романы шыққанда, Голощекин оны аудармашыларға дереу аудартып, өзі мұқият оқи- ды. Кеңес үкіметі қалай орнады, кімдер Кеңес үшін жа- нын қиды, кімдер қарсы болды, алашордашылар кім, оларды жақтаушылар кім? – міне, осының бәрі кітапта сайрап тұр. Голощекин оны нақты шаралар қолдануға таптырмайтын оқулық ретінде пайдаланады. Сол бо- йынша жоспар құрып, алашордашыларды жоюға кірі-


 


седі және сол тұста Сталинге хат жазады. Онда: «Шы- нында да, Қазақстанға Қазан төңкерісі келе қоймапты. Мен екінші Қазан төңкерісін жасаймын. Маған рұқсат беріңіз», – дейді. Сталин бұған келісім береді. Содан Голощекин білгенін істейді. 1928 жылы кәмпескелеуді бастайды. Қазақтың асау болып жүргені – қолында- ғы малы мен астындағы атынан деп түсінеді. Голоще- киннің негізгі мақсаты Қазақстанда геноцид жасау, жерді большевиктер үшін, орыстар үшін қазақтардан босату болады. Сөйтіп, қазақтардың қолындағы малын тартып алады. Менің «Сәйгүліктер» дейтін повесімде айтылады, Голощекиннің жандайшаптары Тұрар бай дейтін Жетісудағы ірі байдың қалың жылқысын бір сайға үйіріп қойып, «індет шықты» деген сылтаумен пулеметпен бытырлатып атқан екен. Бұл оқиға Арқа мен Шығыс Қазақстан жерінде жиі қайталанған.



  1. Қазақ негізінен малмен күн көріп отырған ха- лық еді. Қолдарындағы малды тартып алғаннан кейін 1931-32 жылдары қазақ жаппай қырылды. Нақты са- нын ешкім білмейді. Тек мөлшермен айтылады. Мыса- лы, 1913 жылғы санақ бойынша 6,5 млн қазақ болған. 30-жылдары қазақтың саны 10 млн. болуы мүмкін ғой. Шекараға таяулары ашаршылық кезінде шетелге қаш- ты. Амалсыз қалған халық Қытайға, Иранға, Қырғыз- станға, Өзбекстанға, ішкі Ресейге көшіп кетуге мәжбүр болды. Онда да әл-ауқатты адамдар ғана қашып құты- лады.. Қазақстанда тірі қалған халықтың саны 2,5 млн. мөлшерінде. Осылайша, Кеңес үкіметінің қазақ дала- сын босатсақ деген ойлары іске асады. Ашаршылық кезінде соның барлығын көзімен көрген, өздері әрең де- генде аман қалған зиялыларға қарсы 1936-37 жылдары қуғын-сүргін жүре бастайды. Он мыңдаған адам атыла- ды, Сібірге айдалады. 1933 жылы елдің арызы бойынша Голощекинді қайтадан Мәскеуге шақыртып алады. Бі- рақ оған ешкім де «бір халықты қырып жібердің» деген айып тақпайды. Мәскеуге апарып, Халық комиссариа- тының бас арбитрі етіп тағайындайды. 40-жылдары ол да қуғын-сүргінге ұшырайды. Өйткені оны пайдаланып болған Сталин «енді куәні тірі ұстауға болмайды» деп шешеді. Голощекиннен кейін Қазақстанға оның орнына


 


Мирзоян келеді. Ол шеттен мал алдырып, ашыққан ха- лыққа таратып, шамалы болса да жағдай жасайды. Ха- лық арасында оны «Мырзажан» деп те атап кеткен. Сол Мирзоян да 1937 жылы ұсталады. Мұны естіген әйелі жынданып, Қызылорданың ауруханасында дүниеден өткен екен. Қазаққа жақсылық жасағандар да, қазақты қырғандар да осылайша ұсталып жатты. Жалпы, Голо- щекин туралы сөз болғанда геноцидке бір ғана адам кінәлі дей алмаймыз. Он миллион халқы бар респуб- ликаға келіп, бір адам ол міндетті қалай орындайды? Голощекиннің көмекшілері болды. Жоғарғы кеңестің төрағасы Е.Ерназаров, үкімет басшылары О.Исаев, І.Құрамысовтар Голощекиннің қолшоқпарына айнал- ды. «Ақынның ақырғы күндері» атты әңгімемде Сәкен Сейфуллиннің өлер алдында өкінетіні бар. Негізі, Сә- кен Голощекинмен араз болған. Тіпті, бір жиналыста Сәкеннің Голощекинді шапалақпен тартып жіберетіні бар. Оған деген ызасы ғой шыдатпаған. «Осыны шақы- рып әкеліп едік. Өзімізге де сол керек» деп қатты күңі- ренеді ақын.



  1. Сонымен, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықты ұйымдастырған –Голощекин. Ол ешқашан ұмытыл- майды. Оған көмектескен өзіміздің атқамінерлердің де кінәсі аз емес. Бұл – оларға кесілген тарихи үкім.


«Аңыз адам» журналы,


№ 4, 2013, ақпан.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу