Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.12.2021
233
ҚАЙРАН АУЫЛ
Көкірегіме жан болсам да от бұққан,
Сан азапты көріп келем жоқтықтан.
Шындық үшін шырылдаған сәттерде
Есерлерге кезім де көп соқтыққан.
Ұшып шығып алтын ұям – Кегеннен,
Тағдырымды байластырдым өлеңмен.
Асыл анам еске түсіп күрсінем,
Көрем-дағы өңіңді үнсіз көнерген.
Шарлағым кеп шартарабын жер-көктің,
Жанарыма жас құйып-ап мен кеттім.
Қанбай ішіп балалықтың бал дәмін,
Қайран ауыл, қабырғаңда ержеттім.
Тауларыңа, шыңдарыңа құмартып,
Мақтанған да болармын-ау тым артық.
Неге ғана кеттім екем мен сенен,
Арқама ауыр азабы мол жүк артып.
Тас қалада түсіп тағдыр тезіне,
Мәңгі ұйқыға анам қайтты өзіңе.
Мына әлемнің тым тарлығын сезіне,
Ауылды ойлап жас тұнады көзіме...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇