23.11.2021
  227


ОРАМАЛ ТАСТАМАҚ

 


Ойыншылар айнала
Алқа-қотан отырар,
Аралары әр бала
Бір-екі адым бос тұрар.


Қолыңда бар орамал
Жетекші ойын бастайды.
Жасап жүріп жорамал,
Бір жерге оны тастайды.


Жұртты айналып сыртынан
Сездірместен жүреді.
Орамалды ал артынан
Тауып бірі, біледі.


Тұра сала орнынан,
Бастаушыны ол қуады.
Қашуға одан
Бұрыннан
Анау дайын тұрады.


Қуғыншы да уысына
Орамалды жасырып,
Тастап біреу тұсына,
Кетпек қулық асырып.


Осылайша, орамал
Әрқайсысына тасталар.
Аңқау,
Жалқау
Балалар
Тым жиірек ұсталар.


Ермек Өтетілеуов


Қош келдің жаңа жыл!


Біздің бүгін шыршаға,


Ыстық күн бұл біз үшін,


Аяз болып тұрса да.


Көптен күттік бұл күнді,


Санап өткен, әр күнді,


Жаңа жылдан күтеміз.


Мол қуаныш сәттерді.


Ән айтайық айнала,


Сұлу әсем шыршаны,


Жаңа жылда, шаттанып,


Қуанбайды қай бала.


Аяз ата, ақша қар


Төрлетіңіз келіңіз,


Дайын біздің сіздерге


Ән-жырымыз биіміз.


Жаңа жылдан күтеміз


Қуанышты сәттерді,


Ғажайыпқа сенгендер,


Ғажайыпты көреді.


Бәрімізде озатпыз,


Біз үлгілі баламыз,


Еліміздің ертеңгі,


Қорғаушысы боламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу