23.11.2021
  106


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Салыспақ

Салыспақ – ертеде ел ішіне кең тараған ұлттық спорт ойында- рының бірі. Бұл ойын ат үсті мен жерде тең қолданылады. Талап-


керлерге қамшы, сойыл, шоқпар, күрзі, босмойын, таяқ сияқты қа- руларды ат үстінде қалай ұстау, жерде қалай меңгеру, оларды қалай сілтеп, қалай үйіру, қалай ұру тəсілдері бір-бірлеп үйретіледі. Онан соң, əуескерлерді өзара салыстырып, сайыстырып жаттықтырады. Сондай-ақ, ат үсті салысып, сайысып жүріп жалт бұрылу, тайсап кету, жалған көрініс беріп айнала соғу, сойыл-шоқпар, күрзі, қамшы қатарлылардан қорғану амалдары да жан-жақты үйретіледі. «Салыс- пақ» өнері жасөспірімдердің дене мүшесін шыңдап, шынықтырса; екінші жағынан, жаугершілік заман мен қиын-қыстау сəттерде (ел мен жерді қорғауда) бұл өнер ұрпақтарды батылдыққа, батырлыққа, қайсарлыққа, табандылыққа, төзімділікке дағдыландырып, бəсекелік қабілетін жоғарылатады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу