Өлеңдер ✍️

  15.10.2021
  106


Автор: Дәркен Танабаев

СЫЙ


Сый күтеміз үлкеннен де, кішіден,
Пенде болып дәмететін түсінем.
Сый күтеміз жардан, достан, құрдастан,
Сен әуелі сыйластың ба кісімен.
Ақ пейілге қас та жүрек ашады,
Қабақ шытсаң дос та сенен қашады.
Қара бұлттан қалқаласаң дос басын,
Күн секілді жарық сәуле шашады.
Ойладың ба? жанын жайсаң халықтың,
Бірі өзің халық атты алыптың,
Сен әуелі сыйлап алғын өзіңді,
Сыйын алам десең егер халықтың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу