Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.09.2021
197
Қарсылық жоқ
Қарсылық жоқ,
Сен де ұсын ат сауырын...
Айналаңның асылын тап тәуірін.
Өнер бірақ без емес, бояп сатар,
Сирек қонар дарын ол, тақ, бауырым!
Түлкі болып алдыңнан қағып кетсе,
Бүркіт болып іліп түс әлің жетсе.
Шаршы топқа соларың болмаса егер,
Құр қыжылмен өзіңді ғарып етпе.
қарсылық Тұрсынхан Әбдірахманова Тұрсынхан Әбдірахманова өлеңдері Тұрсынхан Әбдірахманова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇