Баталар ✍️

  11.08.2021
  850


Ақ жол

Я, Алла жарылқа!
Жарылқағанның ішінде ет.
Түгел пәледен аман ет,
Сақтағайсың сәлемет!
Кешкі тілеуін кешіктірме,
Ертеңгі тілеуін зарықтырма!
Аузы қанды бөріден сақта,
Қолы қанды ұрыдан сақта!
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
Біреудің хағын жеп, тыққаннан сақта!
Төрде отырып мекіренгеннен сақта,
Шәйкінің астынан шекірейгеннен сақта!
Басыңа бақыт беріп,
Бұл дүниеде жиғаның болсын,
Ол дүниеде иманың болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Ақдидар Толышова
Мен өмір де мұндай бата естімеппін қайта апай бата түрлерін жаттап келін деп еді болды осыны айтам

Пікір жазу