Өлеңдер ✍️

  28.07.2021
  104


Автор: Гаухар Жүсіпәлиева

Толғаныс

Заман шіркін бұлғағындай түлкінің.
Көңіл деген ала алмайды бір тыным.
Бәрі алдамшы мына жалған дүниеде,
Ақындар бар қамын ойлар ұлтының.

Өлшегендей бір қамшының сабымен.
Ғұмыр қысқа келіскендей бабымен.
Пенделер бар күнаға да бататын,
Қу дүние, күнкөрістің  қамымен.

Тірек қажет шаршап жүрген елге нық.
Кейде тіпті оларға есеп бермедік.
Шыр айналған дүниеде білмейміз,
Қайда апарып соқтырарын пенделік.

Адамдықтың пайдасы бар ибаның.
Жақтырмадың кімді өмірде сыйладың.
Білместіктің кірін шайып жіберер,
Жүрегіңнен шашса иманың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу