Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  273


Автор: Айтуар Өтегенов

Қызғалдақтар

Қызғалдақтар,
Қыр төсінде қаптаған,
Сезімсіз жан сені батып таптаған.
Сезімсіз жан сені өңіріне тақпаған,
Қызғалдақтар,
Қыр төсінде қаптаған.
Қызғалдақтар,
Сен бар жерде ғашық бар,
Сен жатасың сезім сырын ашып дәл.
Сен жатасың жүрек қылын басып дәл,
Қызғалдақтар,
Сен бар жерде ғашық бар.
Қызғалдақтар,
Қыр төсінде жанатын,
Сұлулыққа, нәзіктікке мол атың.
Жүректерге сағыныш боп толатын,
Қызғалдақтар,
Қыр төсінде жанатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу