Өлеңдер ✍️

  10.07.2021
  161


Автор: Айтуар Өтегенов

Ақ көйлекпен шығып ең

Көктем келіп жатқан кезде бақ гүлдеп,
Ынтығасың көкке қанат қаққың кеп.
Ақ көйлекпен аққудай боп шықтың сен,
Айтқаның ба, «жаным таза, пәкпін» деп.
Шын бақытты жанардан-ақ оқырлық,
Көк шалғынға құшақтаса отырдық.
Дір еткізіп, от денемді бір сезім,
Кенет мені билеп кетті батылдық...
Онан соң да, онан соң да сүйгенім,
Еркімді алып талай рет биледің.
Кездесуге шыққанменен сен бірақ,
Енді қайтып ақ көлекті кимедің...
Ақ көйлегің қол бұлғаған арман ба,
Бақытым-ау бар екенсің жалғанда.
Өзің бе деп елеңдеймін әлі мен,
Ақ көйлекті қыз жалт ете қалғанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу