04.07.2021
  202


Автор: Қайырғали Медет

АҚБӨКЕННІҢ КӨЗ ЖАСЫ (хикаят)

Жапан түз. Көкжиекке дейін көз тірелер қара көрінбейтін сұр құба жонды сап-сары сардала. Бажайлап қарағанда ғана әр жерден көкшіл сұр алабұта тектес бұталар ма, шөптесін бе, әйтеуір, бұған бейтаныс шоқ-шоқ өсімдіктер көзге ұрады. Әлгінде АН-2 самолетінен түскен соң, мең-зең күйде бір дөңестеу көрінген төбешікке отыра кеткен. Өкшесі тиген жерді аяғына ыңғайлай, табан тіреу үшін аздап кепкілеп еді, құмдақ жер бедері оп-оңай сырғыды. «Қазір біздің тау жақтағы жаздың ыстығына қатып қалған топырақты өкше түгіп, кетпенмен шауып оя алмайдың. Мында аяқ деген жерг




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу