Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2021
534
АНА ТІЛЕГІ
Табыстырып махаббат-алау, жалын,
Орындапты екі жас пәк арманын.
Біріңді -бірің сүйіп, отау құрдың,
Құтты болсын алғашқы қадамдарың.
Өмір-керуен,
Әлі алда бақ сынар күн,
Көрініңдер қасынан жақсылардың.
Ақ батамды беремін қос батама,
Бір құдай мен құдама тапсырамын.
Сарқылмасын сыйластық, сіз-бізіміз,
Қуанышсыз өтпсін бір күніміз.
Ұяда ұл-қыз өрбіп өнегелі,
Жарқырай берсін бақыт-жұлдызымыз.
Жүрмейді ешқашанда жүрекке әмір,
Мәңгілік екі жасты бір ет, тәңір!
Түтіні түзу өрлеп жас отаудың,
Болсыншы біздер айтқан тілек қабыл!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇