24.05.2021
  13533


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Ақ көйлек

Қожанасыр бір күні түнде далаға шықса, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма-жан үйіне жүгіріп кіріп, мылтығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастайды да: «Не де болса ертең көрермін», - деп үйіне кіріп жатып қалады. Ертеңінде тұрып түндегі атқан нәрсесін қараса, ол өзінің жуып, жайып қойған көйлегі екен, мылтықтың оғы шұрық-тесік қып кетіпті. Қожа көйлегін әрі-бері айналдырып көріп тұрып: «Қатын, қатын, апырай, көйлегімнің ішінде өзімнің болмағаныма шүкір, егерде өзім болсам не болар едім?» - депті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

07.10.2025 11:36
Күшті екен
Мика
Мика 24.05.2025 12:15
Күшті мазмұндап коруге боладые екен
01.04.2025 21:57
Күшті екен маған сабаққа керек еді рақметтттт?
Диана
Диана 02.03.2025 16:38
Күшті екен
Инабат
Инабат 12.02.2025 22:51
Өте куштииииии мықты екееннннн
Айза
Айза 08.01.2025 16:02
Күшті ертегі екен!! ертен мазмұндаймым
Аруна
Аруна 06.01.2025 13:56
Өте кыска ертегы екен

Пікір жазу