18.05.2021
  299


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қыңыр

Ақыл әлі қонбаған
Сынайын бір інімді.
Өкпелер-ау ол маған
Айтасың деп мінімді.
Одан қыңыр өтіп пе,
Дұрысты жөн көрмейді.
«Резинка етікке
Калош алып бер!»—дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу