18.05.2021
  211


Автор: Кәмел Жүністегі

Кестелі тас

Мыңдаған жылғы тарихы бар ел өз зердесін келер ұр- паққа жеткізе білуді де сол заманда ойласа керек. Соның бір ерекше көрінісі жазу-сызу болмай тұрған заманда ғұмыр туралы өз пайымын, өмір сүру тәсілін тасқа таңбалап кету болса керек.


Біраз жұртқа аңыз болған Шет-Қарқаралы шекарасын- дағы Кестелі тасқа да ат басын бұрғанбыз. Түсе қалған үйіміздің азаматы осы жердің Кестелі тас деген мекен екенін ғана білетін боп шықы. Талай жыл осында ғұмыр кешіп жат- са да уреті бар тастарға бір барып көрмепті. Іштей қатты қынжылдық. Ауызға келген ащы запыранды мына милаудың басына төге салғымыз келген.



  • Қой! – деді Тұрсын. Онысында «мынаны адам деп» де- ген үлкен реніш жатқан. – Ана Сұлтанға барайық.


Абырой болғанда бұл азамат бәрінен де хабардар бо- лып шықты. Кестелі тас сол ауылдан жарты шақырымға жетпейтін-ақ жер екен. Биік шоқаның бір иығына машина- ны қоя салып, әр тастың бетіне қашалған көне суреттерге үңілгенбіз. Қашалған бейнелерді қарай-қарай бөлек сонау еңіске түсіп кеткен.



  • Мынаны қара! Әй, мынау керемет қой, – деген Шәй- кеннің дауысы жиі шығады. Салып ұрып, сонда жетеміз.


Талай таудағы сан таңбалы тасты көріп жүрген мен де таңмын. Таңданатыным мұндай бейне-суреттер тұтас жартастың бетіне, не жартастың үңгірінің ішіне салынушы еді. Бұл жерде жартас деген атымен жоқ. Мына шоқаның ба- сына әлде біреу дастарханға мейіз шашқандай жұп-жұмыр көмірдей қара тастар шашылып жатыр. Әр қайсының ара қашықтығы да бес-он, кейде 20-30 метрдей Қара тастардың үлкендігі кейбірі шәй үстелдей болса, кейсінің биіктігі бір жа- рым, екі метірдей, ені 60-70 см.
















156



 

Көмірдей қап-қара тастардың беті айнадай жып-жылтыр, тіпті кісінің бейнесі көрінеді десе де болғандай. Міне осы тастың айнадай бетне осыдан екі-үш мың жыл бұрын өмір сүрген көшпенділердің арғы ата-бабасы жүздеген бейнені ке-


 


стелеген екен. Құйрығын шұбатқан түлкі де, жемін аң-дыған қорқау қасқыр да, дүниеге таң-тамаша боп маңыра қараған арқар да, үйірлі жылқы да, жаяу-жалпы, атқа мінген адамдар да, әлде бір құбжықтардың суреті де көне адымның ерекше ықыласпен салған бейнелері.



  • Мынаны қараңыз, мынаны, – деп Тұрсын қолындағы- сымен тікесінен тұрған жылтыр басты сәл ұрып еді шойын- ның шыңылдаған үні құлаққа келген. Әдейілеп барып, қанша қарасақ та тастың бойынан темір таппадық. Тағы да сәл ұрып көрдік, тағы да шалғыны шыңдағанда шығатын шыңылдаған үн шекеге тиген. «Оның мәнісі мынадан» деген қисынды және таба алмадық.


Шоқаның иығына таман жатқан тастағы суретте өмір- дің бір желісі тіпті анық бейнеленген. Бір топ жылқы. Сол жылқының бергі жағында ноқталанған құлынды бие. Ноқтаның бір ұшын әлде бір жас ұстап тұр. Мұнан артық өмір сүру тәсілін бейнелі көрсету болар дейсің бе. «Біз, міне, сол заманда жылқы ұстап, осылайша кәсіп еттік» деп тұрған жоқ па. Мал шаруашылығы, онң ішінде қазақ аса қастерлейтін жылқышылық дәстүр сол көне заманнан бізге жеткеніне не күмән бар.


Иықтың үстіндегі үстелдей таста шаңырақ бейнеленген. Ол да сол дәуірдің шындығы. Сол үстелдей тас әлде біреу алып күшпен жоныштағандай айналасы жапырыла ойық түзеп жерге сәл кірген екен. Осы тастың әлде бір биіктен құлағанына да күмәнің қалмайды.


Бұл айнадай қара тастар жанартаулық құбылыс бол- са аққан магманың ізі қалар еді. Қанша байқасақ та ондай ештеңенің белгісін көре алмадық. Ал, сонау бір көне за- манда әлде бір метеор тастың жарылып кеп құлағаны, құлау жолында қатты қызған тастың сырты балқып, айнадай жал- тырап шыға келгеніне күдігің қалмайды.


Әттең... Бір әттеңсіз ғұмыр кеше алмадық-ау. Мыңдаған жылдар бойы ештеңе бейнелемеген ата-бабаның мұрасына қылау түсірмей сақтаған қазақ едік. Кейінгі «оқыған» заман- да «оқу өтіп» кеткен кейбір бейшаралар тап сол бейнелердің бетіне «пәленше гүл», түгенше «бақыт» деп шимайлар қойыпты. Мұның қалай дейтін совхоз бастық, ферма бастық, оргморгтар болмапты.


 


Сұлтанға «енді ешкімді жолатпа» деп тапсырып, уәде- лесіп жатырмыз. Үй іргесіндегі осы іргелі тасты бір көруге жарамаған ану бір кеще күңкілдеп жүр.


Біздің кенжелеу қалған теледидар да анда-санда осын- дай таңбалы тастарды бір көрсетіп қалады. Ал, бетбақтың шетіндегі, Ағыбай батыр мазарына жақын таңбалы тастағы мыңдаған суреттер, оның ішінде қолына шоқпар ұстаған жалаңаш адамдар мен неше қилы аң-құстардың айқасы бей- нелеп жартастағы таңғажайып полотноны дәріптеуге респу- бликада мәдениетті бұрын басқарып отырғандардың өресі жетпей-ақ кетті. Міне, бұлар ұлтымыздың мақтанышы да, туристерді апарар ғажайып орындар да болар еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу