Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  282


Автор: Мұқағали Мақатаев

Даңқ туралы оқысам

Кеудесіне нан піскен даңқ туралы,
Құдіретті генералдардың жеңістері туралы
оқысам мен, қызықпан,
Президент, саған да,
Сендерге де, Сарайдағы бұзықтар,
Күндемен де қызықпан!
Адамдардың жауыздығын елең етпей, тегінде,
Бірге жүріп, бірге өсіп, бірге барған өлімге,
Бір-біріне байланған
махаббаттар жөнінде,
Айтылғанда әңгіме,
мойным босап, сырт айналып кетемін
Жегідей жеп жанымды күндестігім менің де



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу