Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.08.2026
104
Ауыл жолы 1
Түн көрпесін ауыл жатты жамылып,
Көшелерге түн сиясы жағылып.
Түнмен бірге алыс жолдан келемін
Ұйқыдағы пәк ауылды сағынып.
Жолда келем түн заңына бағынып,
Жетемін деп жетелеген бар үміт.
Шұрық тесік іздерінен өмірдің
Қашып келем жан жүрегім тарығып.
Сатпақ болған жан күйімнен арылып,
Бейқам ауыл тірлігіне салынып.
Қатал қала тас еткен бұл жүректі
Жібітуге келе жаттым асығып.
Күтіп отыр әкем мен ақ анашым,
Сабылады, сағынады баласын.
Ал мен үнсіз арнау айтып келемін
Кім түсінер ата-ананың бағасын.
Жаңбыр бітті, менде келдім ақырын,
Таңда атты, артта қалды шақырым.
Әкем тұр ғой анау жолдың бойында
Осы еді ғой менің күткен бақытым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇