Өлеңдер ✍️

  30.07.2026
  101


Автор: Гүлзия Тәжіханқызы

КҮЗДІ САҒЫНДЫМ...

 


Жылжып жатыр бұлт өмірдің көшіндей,
Күрмеулі тұр сын тағдырым шешілмей.
Аласұрам сан қиялды тұсаулап,
Уақыт келіп шығарардай шешімдей.


Ашылмаған, шіркін, ғұмыр тылсым ба ең?
Жатыр,міне,тағы бүгін құр сүлдем.
Ұнатпаушы ем сәттерімді күйзелген,
Ұнатпаушы ем бейне көрсем күрсінген!


Келетіндей шаттығыма оралғым,
Еңсерсем деп дауылы мен боранын.
Кеткенменен өз-өзімді түсінбей,
Көңіліме қайта оралып қонамын.


Жақсылықтың жаршысындай күз бағым,
Келмес бірақ өткенімді қозғағым.
Ұсынар ма ең мұң күндерді әкетіп,
Сол баяғы бақытты шақ күз тағын?


Гүлзия Тәжіханқызы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу