Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
34
Ажал – мешкей-тосының
Ажал – мешкей-тосының
Ұлымды алды –
Шошыдым.
Өлі де емес,
Тірі емес –
Бейдауамын осы күн:
Дәрменімді құрытып,
Бауырымды ірітіп,
Қарынымды ақтарды,
Ішегімді шірітіп;
Қос өкпемді туырып,
Бүйрегімді қуырып
Жеді...
Жеді –
Шикідей
Жүрегімді суырып!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇