Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  4


Автор: Иран-Ғайып

Мен қараймын анаңа

Мен қараймын анаңа,
Анаң маған үңіліп –
Күн сөнеді санада
Тіршіліктен түңіліп.
Күдікке үрей қосады
Үміттің су жүрегі –
Иінімізді басады
Жалғыздықтың түнегі...
Құр қармантып
Қор қылды,
Демігіп...
Дір-дір етеміз –
Толтыра алмай орныңды,
Тарығумен өтеміз!..
...Жар-Төсектен безінген
Адам-Ата – Һауана –
Қашып қысыр сезімнен,
Жайыламыз Ауаға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу