Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
4
Түп-төркініңді ойладым
Түп-төркініңді ойладым,
Қалғаным жоқ аянып:
Келмесіңе қоймадым,
Тобақазығымды таянып.
Сорымбысың,
Бақпысың?! –
Төріме кеп жайғастың:
Тірлік тосты тәттісін –
Қаз тұрдың да,
Тәй бастың.
Бауырыңды көтердің,
Азапты өмірің басталып...
Шын-ақ сорлы екенмін,
Қалдым қайғы жастанып!
...Көз жасымнан жерідің бе,
Құрғапты, ұлым, жөргегің?! –
Бар қызықты көрдің де,
Жар қызығын көрмедің!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇