Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2026
3
Сыймайды еш өлшемге
Сыймайды еш өлшемге
Бұл сұмдықтың пошымы –
Бар пәлеңді берсең де,
Берме деп ем осыны!
Қоңыр қозым көгенде
Жан тапсырды буынып –
Азабын мен шегем бе,
Жеребеңді суырып?!
Ботам жардан жығылып,
Мерт болды да – боздадым.
Түсінбедім ұғынып,
Жалған
Жазмыш-Жазғаның!
Балапаным ұямнан
Безіп, түстім сарсаңға –
Мұныңды оң дей алман,
Қанша –
Құдай болсаң да!
Құлады Алып Мұнарам –
Мұнар,
Мұнар,
Мұнарым...
...Қорықпан кәрің-күнәдан –
Туралығын сұрадым!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇